ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының Сәтбаев қаласына жұмыс сапары
Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Серік Шайдаров пен Советбек Медебаев Сәтбаев қаласында болды.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Аман Бәрекенов және облыстық мәслихат депутаттарымен бірге сенаторлар Есқұла су құбыры жобасымен танысты.
«MEGARON» ЖШС өкілі – кәсіпорынның ӨТБ инженері А.Кенжебай халық қалаулыларының назарына атқарылған жұмыстар туралы ақпарат ұсынды.
Спикердің айтуынша жобаның мақсаты — Жезқазған және Сәтбаев қалаларын, сондай-ақ Жезді кенттерін шаруашылық-ауыз сумен, өндірістік өртке қарсы сумен қамтамасыз ету.
Депутаттар мердігер ұйым өкілдеріне іске асырылып жатқан жобалардың маңыздылығын және орындалатын жұмыстардың сапасын арттыру қажеттігін еске салды.
Сонымен қатар сенаторлар жергілікті депутаттармен кеңес өткізді. Кездесуге облыс әкімінің бірінші орынбасары Аман Бәрекенов пен ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ғалидулла Азидуллин қатысты.
Осыдан кейін ҚР Парламенті Сенатының депутаттары азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.