«ULYTAU» ФК-ның кезекті ойыны өтпек
Жерлестеріміз — «ULYTAU» ФК көкшетаулық «OQJETPES» командасымен теңбіл доп жарысына түспек. Ойын Сәтбаев қаласының спорттық-сауықтыру кешенінің стадионында өтеді.
Айта кетейік, бұл – «ULYTAU» ФК-ның үйдегі екінші ойыны.
Тартысты дода 18 мамыр, сағат 15:00-де өтеді. Орны: Сәтбаев қаласының спорттық-сауықтыру кешенінің стадионы.
Құрметті жерлестер, сіздерді ойыншыларымызға қолдау көрсетуге шақырамыз!