Халықаралық «Отбасы күнінде» Ұлытау облысының жастары неке қидырды
Бүгін Жезқазған қаласының Жастар сарайында Халықаралық «Отбасы күніне» орай қос жұптың некесі қиылды. Атаулы күні жас жұбайлар — Әли Серіков пен Аида Кенышева, Мамбетбай Ақжол мен Ақжан Өміртай салтанатты түрде көпшілік алдында некелерін заңдастырып, неке жүзіктерін тақты. Жас шаңырақ иелеріне неке куәліктерін Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ғ.Құсманғали табыс етіп, жүрекжарды ақ тілегін жеткізді.
«Елімізде отбасын дамытуға және қолдауға көп көңіл бөлінеді. Жыл сайын Ұлытау облысында 1 400-ге жуық жұп некеге тұрады. Өңірде 855 – «Алтын алқа», 1559 – «Күміс алқа» иегері бар. Алдағы уақытта сіздердің де құрған шаңырақтарыңыз осы тізімді толықтырады деп сенеміз» – деді облыс әкімінің орынбасары.
Бүгінгі Халықаралық «Отбасы күнімен» баршаңызды құттықтай отырып, жастарға бақыт тілейміз!