Қала көркі – жасыл желек
Ұлытау облысындағы білім беру ұйымдарының өкілдері, мектеп оқушылары мен ата-аналар «Жасыл мекен» челленджінде белсенділік танытты. Білім алушылардың бойына экологиялық мәдениетті дарытуға, табиғат пен қоршаған ортаны құрметтеуге бағытталған іс-шараға 7000-ға жуық оқушы мен студент, ата-аналар, педагогтер және балабақша тәрбиеленушілері қатысты.
Челлендждің мақсаты – білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және еңбекқорлыққа баулу.
Айта кетейік, «Жасыл мекен» ұйымдасқан іс-шарасының аясында 5000 көшет және 3000-нан астам түп гүл отырғызылды.