Ұлытау облысының өңірлік нышанын анықтау бойынша байқау

«Ұлытау облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ облыстың өңірлік нышанын анықтау бойынша конкурс жариялайды. Конкурстың мақсаты – облыстың имиджін жаңартуға және оның мәдени-тарихи мұрасын ескеретін жеке ерекшеліктерін бекітуге ықпал ететін Ұлытау облысының өңірлік нышанын жасау бойынша үздік тұжырымдамалық жобаларды анықтау.

Үздік деп танылған Ұлытау облысының нышаны жарнама, маркетинг және басқа да іс-шараларда, сондай-ақ Ұлытау облысының мәдени, туристік және әлеуметтік әлеуетін пайдалануды жақсарту үшін пайдаланылатын болады.

Конкурс жеңімпазына 500 мың теңге жүлде және дипломмен марапатталады.

Толығырақ ақпарат төмендегі сілтемеде:
https://www.instagram.com/p/CsJzHJJLz8c/?utm_source=ig_web_copy_link

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *