Жезқазғанда жылу желілерін жаңарту жұмыстары жалғасуда
Бүгін облыс әкімі Б.Әбдіғалиұлы жұмыс сапарымен Жезқазған қаласын аралады. Өңір басшысы облыс орталығындағы жылу желілерінің жай-күйімен танысты.
Облыс әкіміне мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарт шеңберінде мердігер ұйым Жезқазған қаласындағы ұзындығы 14 103 қума метр болатын орамішілік жылу желілерін жөндейтіні баяндалды. Оған ақауы бар 27 аумақ кіреді. Жобаның жалпы сомасы 872,076 млн теңгені құрайды.
Сонымен қатар, «Жезқазған қаласының жылу желілерін қайта құру және жаңғырту (құрылыстың 2-кезеңі)» жобасы бойынша жұмыстар жалғасатыны айтылды. Бюджеттік жылға жұмыс кестесі бекітілді, оған сәйкес №3 жылу магистраліне (Бейбітшілік және Гагарин көшелері аумағы) 750 желілік метр құбыр және № 9 жылу магистраліне 922 желілік метр құбыр (учаскелік) Сейфуллин көшесі Ғарышерлер бақжолынан Алашахан даңғылына дейін) ауыстырылады.
Айта кету керек, бұл жұмыстардың аяқталуы облыс орталығының тұрғындарын сапалы әрі үздіксіз жылумен қамтуға мүмкіндік береді.