ЖЕҢІС КҮНІ ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН АРДАГЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Аудан әкімі Қанат Қожықаев, аудандық мәслихат төрағасы Юржан Бекқожин және Жаңаарқа кентінің әкімі Мейрам Қуанышбеков бүгінгі Жеңіс күні 78 жасқа толып отырған аудан ардагері – Жеңіс Елеуовтің шаңырағына барып, туған күнімен және мерекемен құттықтап қайтты.

Жеңіс Елеуов 1945 жылы 9 мамырда туған. Ұлы Отан соғысы аяқталған күні дүниеге келген ардагер жылдар бойы мемлекеттік қызметте еңбек еткен. Жаңаарқа кентінің (бұрынғы Атасу кенті) әкімі қызметін де атқарған.

Бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отырған ақсақал немере тәрбиелеп, отбасының ұйытқысы болып отыр.

Ұлы Жеңіспен құрдас жерлесіміздің туған күні құтты болсын!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *