Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды
«Рақымжан Қошқарбаевтың соғыста көрсеткен ерлігі барша жұртқа аян. Әскер бекінген жер мен Рейхстагтың арасы бар-жоғы 360 метр ғана болатын. Жаңбырша жауған оқтың арасынан жер бауырлап жылжыған батыр 360 метр жерді 7 сағатта өтіп, Рейхстагтың төбесіне Жеңіс туын іледі. Бірақ қаһармандық еңбегі еленбей, тиісті атақ-даңқ берілмеп еді. Еліміз егемендік алғаннан кейін батырға «Халық қаһарманы» атағы беріліп, тарихи әділеттілік орнады.
Бүгінгі мерекеге орай Астана қаласындағы Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойып, Жеңіс күнін жақындатқан жауынгерлердің рухына тағзым еттік», — деп жазды Е.Қарин Instagram желісінде.