Құрметті Ұлытау облысының тұрғындары! Қадірменді жерлестер!
Құрметті Ұлытау облысының тұрғындары!
Қадірменді жерлестер!
Сіздерді 7 Мамыр – Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Халқымыз «Ұланы бар елдің ұраны бар» — деп, жігерлі азаматтарымыздың есімін ұлтымыздың болашағымен тікелей байланыстырған.
Біздің Ұлытау даласы – қай ғасырда болмасын батырлар мен оғландардың ордасы болғаны баршаңызға аян. Ал тәуелсіз Қазақстандағы ер-азаматтарымызға артылатын жүк – тіпті салмақты.
Бүгінгі мерекеде шекарамыздың берік болуы жолында қас қақпай, Отан алдындағы парызын өтеп жүрген сарбаздарымызға алғыс білдіреміз!
Бейбіт күннің кепіліндей болған жігерлі жастарымыз барда болашақтың жарқын боларына сенім білдіреміз!
Баршаңызды айтулы мерекемен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, мықты денсаулық, елдігімізді нығайту жолындағы еңбектеріңізге зор табыстар тілейміз! Жаңадан құрылған Ұлытау облысының кемел келешегі үшін аянбай тер төгетін азаматымыз көп болсын!
Құрметпен,
Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы.
Ұлытау облысы мәслихатының төрағасы Бауыржан Шыңғысов.