Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті
Жезқазған қаласының «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ-де Ұлытау облысы әкімінің жанындағы облыстық әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Жиында дамуында кемістігі бар балалармен жұмыс істеуге арналған «Талап» қоғамдық қайырымдылық қорының қызметі, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету, гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жобаларды іске асыру туралы айтылды.
Қазіргі таңда Ұлытау облысы бойынша Жезқазған және Сәтбаев қалаларында тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына қолдау көрсету орталықтары бар. Жезқазған қаласындағы қолдау орталығы 2020 жылдан бастап жұмыс істейді. Бүгінгі күні, 17 адам тұрып жатыр, 6 әйел, 11 бала. Жыл басынан бері сенім телефоны арқылы 33 өтініш тіркеліп, оның 31 кеңес берілген, 2-і тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны деп танылды. Жыл басынан бері орналастырылғаны-2 әйел, 11 баласымен. 1 әйелге 6 баласымен тұрғын үй кезегімен Жезқазған қаласынан үй берілді, 1 әйелге 5 баласымен «Асар-Уме» қоғамдық бірлестігі Сәтбаев қаласынан үй алып берді.
2019 жылдан бастап Сәтбаев қаласында «Қамқор» әлеуметтік қолдау орталығы жұмыс істейді. Бүгінгі күнге 39 адам, оның ішінде әйелдер — 4, кәмелетке толмаған жасөспірім-35. Заңгер маманы арқылы құжаттарды қалпына келтіруге және тұрғын үй алуға жәрдемдесу арқылы 2 адамға кеңес берілді, 1 әйел жұмысқа орналастырылды. 1 әйел жатақхана орналастырылды, 1 әйел отбасына қайтарылды, 1 әйел Шахтинск қаласына отбасына көшіп кетті.