Су бөгеттері мен су қоймасының жай-күйі қаралды
Облыстағы су нысандарының жағдайымен танысу мақсатында «Ұлытау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу» ММ басшысы Қуат Имантүсіпов пен облыстың Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері бірлесіп, Ұлытау ауданында орналасқан Кененбай, Ақтасты, Пионер су бөгеттері мен Қарсақбай су қоймасы гидротехникалық құрылымдарының жай-күйі қаралды.
Аралау жұмыстары барысында аталған су нысандарының кемшін тұстарына назар аударылды және оған қажетті шаралар жоспарын құрып, шешу жолдарын қарастыру жақтары айтылды.