Президент реформалары: Айқын бағыттар Ұлттық қор балаларға бағдарламасы – Ұрпақ келешегінің негізі
Президент реформалары: Айқын бағыттар Ұлттық қор балаларға бағдарламасы – Ұрпақ келешегінің негізі
Президент реформалары:
Айқын бағыттар
Ұлттық қор балаларға бағдарламасы – Ұрпақ келешегінің негізі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтырғы Жолдауындағы ең маңызды бастамасының бірі – «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы болды. Президенттің сөзінше, бұл жоба арқылы Ұлттық қор шын мәнінде ұлттық мәртебесіне сай болып, халқымыздың игілігіне қызмет етеді. Осыны жан-жақты қарастыра отырып, жобаны 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосуды тапсырды.
Біз білетіндей, Конституцияға жер мен оның жер қойнауы халыққа тиесілі екендігі туралы норма енгізілді және оны іске асыру мақсатында осы бағдарламаға бастамашылық жасалды. Екіншіден, бастама әлеуметтік-экономикалық саясаттағы әділеттіліктің практикалық көрінісі ретінде қызмет етеді. Ең бастысы, қазақстандықтар елдің ұлттық байлығының игігілін тікелей сезіне алады.
Қорытындылай келе, болашақ ұрпаққа қалдыратын қаражат Ұлттық қордың меншігінде. Оның адам капиталына қызмет ету керек екенін қоғам талай мәрте көтерген болатын. Президент бастамасы соның нақты қадамы екенін атап өту керек. Алдағы кезеңдегі маңызды міндет – стратегиялық инфрақұрылымдық жобаларды, сондай-ақ адами капиталды дамытуға бағытталған жобаларды іске асыруға баса назар аудара отырып, Ұлттық қор қаражатын ұтымды және тиімді пайдалану болмақ.
Ыдырыс Қозайдаров,
“Turaqty DAMU” жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы.