Берік Әбдіғалиұлы «ULYTAU» ФК-ның алғашқы үй ойынына қатысты

Ұлытау облысында футбол маусымы ресми түрде ашылды! Бүгін Сәтбаев қаласының денешынықтыру-сауықтыру кешенінде «ULYTAU» ФК ойыншылары Қазақстан чемпионатының екінші лигасы аясында алғашқы үй матчын өткізді. Біздің спортшылар Семей қаласынан «Елімай М» командасын қабылдады.

«ULYTAU» футболшылары алғашқы минуттардан бастап бастаманы өз қолдарына алып, ойынды 3:0 есебімен сенімді жеңіске жеткізді.

Айта кетейік, «ULYTAU» мен «Елімай М» арасындағы матчқа Ұлытау облысының әкімі қатысты. Берік Әбдіғалиұлы біздің өңірдің барлық спорт сүйер қауымымен бірге футболшыларды қолдай отырып, ойын тамашалады. Алғашқы үй ойынына мыңға жуық адам келді.


Финалдық ысқырықтан кейін Берік Әбдіғалиұлы спортшыларға ойыны үшін шын жүректен алғыс айтып, футбол алаңында және одан тыс жерлерде де табысты болуын тіледі.

Сонымен қатар, өңір басшысы ерекше құрмет белгісі ретінде «ULYTAU» ФК бас директоры Талғат Байсуфинов пен клубтың бас бапкері Марат Еслямовтың иығына шапан жапты.

Спорттық іс-шара естелік фотомен аяқталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *