Басқарма басшысы тағайындалды

2023 жылғы 2 мамырда Ұлытау облысы әкімінің өкімімен Нұржан Серікұлы Орынбаев Ұлытау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Орынбаев Нұржан Серікұлы 1979 жылы 4 шілдеде Ұлытау ауданы Қарсақпай кентінде дүниеге келген.
Үш жоғары білімі бар: 2007 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін экономика және менеджмент мамандығы бойынша; 2018 жылы Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін тау-кен ісі мамандығы бойынша; 2021 жылы академик А. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Мансап
Еңбек жолын Жезқазған қалалық экономика комитетінің бас маманы болып бастаған;
1999 жылдан 2004 жылға дейін-Жезқазған қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы;
2004-2008 жылдары банк саласында: «Банк Каспийский» АҚ Ақтау және Жезқазған қалаларындағы филиалдарының жеке тұлғалардың менеджері, тұтынушылық кредиттеу, шағын және орта бизнесті несиелеу бөлімдерінде менеджер болып жұмыс істеді;
2009 жылдан 2010 жылдың тамызына дейін – Ұлытау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығының орынбасары; Ұлытау ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы;

2010 жылғы қыркүйектен 2020 жылғы ақпанға дейін-Жезқазған қаласы әкімі аппаратының басшысы, Жезқазған қаласы әкімінің энергетика, құрылыс, сәулет, көлік, жол және коммуналдық шаруашылық, ТЖ мәселелері жөніндегі орынбасары;

2020 жылдың ақпан-желтоқсан айлары аралығында – Қарағанды облысының қаржы басқармасы басшысының орынбасары;

2020 жылғы желтоқсаннан 2021 жылғы сәуірге дейін-Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары;

2021 жылғы сәуірден 2022 жылғы маусымға дейін – Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары;

2022 жылдың шілдесінен бастап қазіргі уақытқа дейін – Ұлытау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы.
Үйленген, бір баласы бар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *