Бүгін – жедел медициналық жәрдем қызметкерлері күні
Ұлытау облысының жедел медициналық жәрдем станциясы облыс әкімінің «Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын құру туралы» 06 желтоқсан 2022 жылғы № 36/01 қаулысына сәйкес қайта құрылған.
Казіргі уақытта облыс бойынша жедел медициналық жәрдем қызметінде 280 қызметкер жұмыс атқарады. Оның ішінде Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалалары, Жәйрем кенті мен Ұлытау, Жаңаарқа аудандарында бөлімдері бар.
Бүгінгі күні кадр тапшылығы мәселесінің бар екені жасырын емес, алайда оның шешімін табу мақсатында Ұлытау облысының әкімдігі дәрігерлердің резидентура оқуына қаражат бөліп отыр. 2023-2024 жылға 4 резидент оқыту қарастырылған.
Сонымен қатар, бос жұмыс орындары enbek.kz сайтында тұрақты түрде жарияланып отырады.
Ұлытау облысы бойынша жедел медициналық қызметін көрсету үшін 7 көлік берілді, қазіргі уақытта жалпы саны 28 автотранспорт бар. Осы жылы тағы да 5 автокөлік беріледі деп күтілуде. Кәсіпорынның материалдық-техникалық базасы жаңартылу үстінде.