«WorldSkills Ulytau 2023» кәсіптік шеберлік конкурсы мәресіне жетті

Ұлытау облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында «WorldSkills Ulytau 2023» өңірлік кәсіптік шеберлік конкурсы өтті.

Конкурсқа техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері 21 құзыреттілік бойынша қатысты.

Студенттердің құзыреттілік бойынша жұмыстарын кәсіпорындар мен мекемелерден шақырылған бас сарапшылар, тәуелсіз сарапшылар қадағалап, өз деңгейлерінде бағалады. 6 алаңда басталған конкурс өз мәресіне жетті.

Конкурстың жабылуы Жезқазған бизнес және көлік колледжінде өтіп, жеңімпаздар, сарапшылар мен алаң менеджерлері марапатталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *