«Бірлік, тұрақтылық, даму»: Ұлытау облысының делегациясы ҚХА ХХХІІ сессиясына қатысуда
Бүгін Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының XХХІI сессиясы басталды. Екі күндік іс-шараның тақырыбы: «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму».
Сессия жұмысына ҚР Парламентінің депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, діни бірлестіктердің басшылары, ҚХА мүшелері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, ҮЕҰ, дипломатиялық корпус, ғылыми, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, қазақстандық және шетелдік БАҚ қатысады.
Ұлытау облысынан Астанаға ҚХА-на мүше 23 адамнан тұратын делегация келді. Олар секциялық пікірталас алаңдарының жұмысына, сондай-ақ Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтетін пленарлық сессияға қатысатын болады.