«Жыл таңдауы»: Ұлытау облысының қоғамдық бірлестігі туризм саласындағы халықаралық көрменің лауреаты атанды
19-21 сәуір аралығында Алматыда 2001 жылдан бері өткізіліп келе жатқан Орта Азиядағы ең ірі іс-шара — KITF 2023 «Туризм және саяхат» Қазақстандық халықаралық көрмесі өтті. Бұл жолы жыл сайынғы көрмеге әлемнің 22 елінен 258 компания қатысты.
Шараға Ұлытау өңірінен де өкілдер қатысып, «JOSHY HAN TOUR» ЖШС және Көбес-Өтеу қоғамдық бірлестігі халықаралық көрмеге қатысушылар мен қонақтарға өңірдің туристік әлеуеті мен отандық және шетелдік туристерді тарту бойынша жұмыстың жаңа нысандарын көрсетті. Алматыда өткен көрме барысында олар «Білеуті этно ауылдары» жобасын ұсынды.
Нәтижесінде «Көбес-Өтеу» қоғамдық бірлестігі «Жыл таңдауы» номинациясын жеңіп алды.