Спортшыға сәттілік тіледі

Ауданымыздың спортшысы Ермек Смаилов 2023 жылғы наурыз айының 16-18 күндері аралығында Талғар қаласында өткен Республика Чемпионатында қол күресінен чемпион атанып, ауданымыздың абыройын асқақтатқан болатын.

Осы додада спортшы Дубай қаласындағы Азия чемпионатына жолдама алып, 27 сәуір мен 5 мамыр аралығында өтетін жарыста бағын сынамақ.

Бүгін аудан әкімі Қанат Қожықаев Ермек Смаиловты жеке қабылдап, алдағы үлкен сайысқа сәттілік тіледі. Сондай-ақ аудан басшысы спортшыға “Алғыс хат” пен естелік сыйлық табыстады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *