Тегін дәрігер кеңесі
Құрметті Ұлытау облысының тұрғындары!
Жезқазған қаласына біздің өңіріміздің тұрғындарына дәрігерлік консультациялық-диагностикалық көмек көрсету мақсатында, “University Medical Center” корпоративтік қорының (бұдан әрі — КҚ) ұйымдастырумен (Астана қ.) бейінді мамандар тобы (репродуктолог, акушер – гинеколог, онколог, ревматолог, гастроэнтеролог, эндокринолог, неонатолог, ортопед дәрігерлер) келіп, ашық есік күндерін өткізеді.
ҚАБЫЛДАУЛАР Жезқазған қ. емханасының Консультативтік-диагностикалық орталығында (мекенжайы: Жезқазған қ., Омаров к-сі, 25, тел. 8 (7102) 413300) келесі кесте бойынша ТІКЕЛЕЙ КЕЗЕККЕ ТҰРУ тәртібімен өтеді:
➡️ 2023 жылғы 24 сәуір, сағ. 11.00 -17.00.
➡️ 2023 жылғы 25 сәуір, сағ. 09.00 -17.00.
➡️ 26 сәуір 2023 жыл, сағ. 09.00-15.00.
Қабылдауды жүргізетін МАМАНДАР:
1. Абилева А.Б., КҚ Педиатрия КАД-ның акушерлік бөлімінің онколог – гематолог дәрігері.
2. Изтелеуова Л.Х., КҚ Әйелдер денсаулығы КАД акушерлік бөлімінің акушер-гинеколог дәрігері.
3. Айтжанова Р. М., КҚ Ішкі медицина КАД емдеу-консультативтік бөлімінің кардиология және ревматология бағдарламасының меңгерушісі.
4. Турлибекова З.Е., КҚ Педиатрия КАД жалпы педиатрия балалар бөлімінің гастроэнтеролог дәрігері.
5. Рахимжанова М.К., КҚ Педиатрия КАД жалпы педиатрия бөлімінің эндокриндік және тұқым қуалайтын аурулар бағдарламасының меңгерушісі.
6. Камаева Р.Т., КҚ Педиатрия КАД жалпы педиатрия бөлімінің неонатолог дәрігері.
7. Джетписов М.О., КҚ Балалар хирургиясы КАД балалар ортопедиясы ортопедиялық бөлімінің травматолог дәрігері.
8. Андосова С. А., ересектер кардиологы.