Жемқорлықпен күрес – ортақ міндет
Бүгін Жезқазған қаласының полиция басқармасы ғимаратында Ұлытау облысының қоғамдық даму басқармасының «Қоғамда коррупцияға қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар» атты мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру” атты семинар-тренинг өтті.
Тренингті ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ұлытау облысы бойынша Департаментінің превенция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері — Гүлнұр Сүлейменова, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің оқытушысы, сыбайлас жемқорлыққа ақпараттық ағартушылық пул спикері – Руслан Тоқатов және сыбайлас жемқорлыққа ақпараттық ағартушылық пул спикері Жомарт Әбішев өткізді.
Семинар-тренинг сұрақ-жауап тәсілімен жүргізіліп, полиция қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, тәртіп пен заңдылықты сақтау мәселелері талқыланды.