224 млрд теңге: Қазақстанда бизнес жүргізу жеңілдейді
Бұл туралы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген отырыста премьер-министр Әлихан Смайылов айтты.
«Қаңтардан бастап міндетті талаптар реестері ашық түрде жарияланды. Енді реестрде жоқ талаптар бойынша тексерулер жүргізілмейді. Биыл заңнамадан бизнес үшін 10 мың талап алынып тасталады. Бұл тексеру санын едәуір қысқартады. Жыл соңына дейін тәуекелдерді басқару жүйесін автоматтандыру толық аяқталады», — деді Премьер.