«WorldSkills Ulytau 2023» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты басталды

Жезқазғанда «WorldSkills Ulytau 2023» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатының ашылуы өтті. Ұлытау облысында мұндай байқау алғаш рет өткізіліп отыр.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқушылары арасында кәсіптік шеберлік чемпионаты 17-21 сәуір аралығында өңірдегі алты колледж базасында өтеді.

Өңірлік конкурсқа жиырма бір құзырет бойынша барлығы 61 студент қатысады.

Айта кету керек, біздің өңірдің бірқатар кәсіпорны мен мекеме мамандары сарапшы ретінде әрекет етеді. Кәсіби шеберлік байқауының нәтижелері 21 сәуірде жарияланады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *