Жаңа қызметіне сәттілік тіледі

Бүгін аудан әкімінің міндетін атқарушы Қанат Қожықаев ауданымызға қарасты Ақтүбек ауылдық округінде болып, тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында Ақтүбек ауылдық округінің әкімі Ерлан Ормановтың басқа қызметке ауысып жатқанын халыққа жеткізіп, жұмыстан босату туралы бұйрықпен таныстырды.

Бұдан былай “Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Жаңаарқа шаруашылығы” мекемесінің директоры лауазымындағы Ерлан Серікұлын жаңа қызметімен құттықтап, «Алғыс хат» табыстаған Қанат Шубайұлы аталмыш ауылдық округ әкімінің міндетін уақытша атқаратын қызметкерді тұрғындарға таныстырды.

Сондай ақ жиын барысында ауыл тұрғындары өздерінің ұсыныс-тілектерін айтып, осыған дейін ауылды басқарған бұрынғы әкімнің жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *