Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

Бүгін, 17 сәуір күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында қоғамдық кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес кезекті отырысы өтті. Жиынды аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Амантай Нығатайұлы ашып, жүргізіп отырды.

Аталған жиында екі маңызды мәселе қаралды.
​Бірінші мәселе ретінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, жанар-жағар май бағаларын тұрақтандыруға байланысты атқарылған жұмыстар қаралды. Бұл туралы аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Мұрат Есіркепов баяндады.

Екінші мәселе бойынша ауылшаруашылық бөлімінің басшысы баяндама жасады. Айта кетсек, Сәрсенбек Баязитов ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік саланы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігін, баға тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар жайлы жан-жақты ақпарат берді.

Жиын барысында қоғамдық кеңес мүшелерінің тарапынан қойылған ұсыныстар мен сұрақтарға бөлім басшылары жауап берді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *