Мекемеде – жаңа басшы

Ұлытау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Жаңаарқа шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне Ерлан Орманов тағайындалды.

Орманов Ерлан Серікұлы 1988 жылғы 13 маусымда Жаңаарқа ауданына қарасты Ақтүбек ауылдық округінде дүниеге келген.
2006 жылы Талдықорған заң колледжін және 2017 жылы Қазтұтынодағы Қарағанды экономикалық университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген. 2014-2018 жылдар аралығында Жаңаарқа ауданының Ақтүбек ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы қызметін атқарды. 2018 жылдың 18 қазанынан бүгінгі күнге дейін Жаңаарқа ауданының Ақтүбек ауылдық округінің әкімі лауазымында болды.

2023 жылдың 14 сәуірінен бастап «Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Жаңаарқа шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *