Реформа бар жерде өсу мен өркендеу де болады
Осыдан тура бір жыл бұрын Қазақстан саяси жаңғыру жолына аяқ басты. 2022 жылдың 16 наурызында Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты халыққа Жолдауы Қазақ елінің жаңаруын айшықтап, қайта өрлеудің басты бір нышанына айналды.
Елде референдум өтіп, қабылдаған реформаларды іске асыру жұмысы бірден қолға алынды. Президент сайлауын өткіздік, Ұлттық құрылтай құрылды. Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар ел ішінде ғана емес, шетелдерде де талқыланып жатыр. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай, еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты.
Президент бастамалары іс жүзінде нəтиже беріп, əр тұрғын армандаған Əділетті Қазақстан құру жолындағы қадамға серпін беретін болады. Президент жанындағы Стратегиялық зерттеулер институты жүргізген сауалдаманың негізінде ел тұрғындарының 71,7 пайызы еліміз дұрыс бағытта дамып келе жатыр деп есептейді.
Мемлекет мықты, мемлекеттілік мəңгілік болуы үшін оның ауырлығы да бір тұсқа шоғырланбай, теңгерімді түрде тең бөлінуі шарт. Қ.Тоқаевтың Қазақстанды суперпрезиденттік басқару формасынан Парламенті мықты президенттік елге айналдыруға бекінуі, «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласын жүзеге асыруы саяси жүйедегі тепе-теңдік жəне тежемелік механизмдерін елеулі түрде нығайта түсті.
Елімізде жүріп жатқан жанжақты саяси жаңғыру үдерісі белгілі бір межесіне жетеді. Яғни қоғам дамуының жаңа кезеңі басталады.
Сəкен НАЙМАНБАЕВ, №2 Қорғасын мектебінің мұғалімі.