Білімді жасқа жол ашқан
Ұлытау облысына «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов арнайы келді. Жұмыс сапары аясында ол педагогтармен және медицина қызметкерлерімен кездесіп, «Болашақ» халықаралық бағдарламасының талаптары мен мүмкіндіктері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Мәселен, өңірдің мемлекеттік және жеке медициналық мекемелерінің қызметкерлері жиналған Жезқазған қаласының жоғары медициналық колледжінде өткен кездесу барысында Инженерлік-техникалық мамандықтармен қатар медициналық кадрлар үшін квоталар бекітілгені атап өтілді. Енді дәрігерлер оқуды бастамас бұрын 12 айға дейін тілдік дайындықтан өте алады. Бұл ретте олардың қолында университеттен шақыру болуы қажет емес. Білім беру саласының мамандары үшін де гранттар қарастырылғаны атап өтілді.
О.Сәкенов өңір жастарына «Болашақ» халықаралық бағдарламасының мүмкіндіктері айтты. Іс-шараға «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС «Jastar Bolashaq» қызметкерлері жастар одағының мүшелері, сондай-ақ колледждер мен университет оқушылары қатысты. Кездесуге қатысушылар 2023 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға 555 стипендия бөлінгені жайында білді. Үміткерлер робототехника, сервистік платформаларды әзірлеу, «жасыл» технологиялар, қоғамдық денсаулық сақтау, инклюзивті білім беру және т. б. сияқты еңбек нарығындағы өзекті мамандықтар бойынша шетелде дайындықтан өте алады.
Сондай-ақ, жиында «Болашақ» бағдарламасының түлектері де бой көрсетті. Олар қазіргі уақытта түрлі салада еңбек етіп, елдің дамуына өз үлестерін қосуда. «Болашақтықтар» жиналғандарға өздерінің әңгімелерін айтып, кәсіби тәжірибелерімен бөлісті, қатысушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.