Қадірлі газет ұжымы!
1973 жылы Жезқазған облысы құрылғанда өңір тарихын қағаз бетіне түсіріп, ақпарат айдынында жаңалықтар легін алғашқылардың бірі болып жариялаған облыстық «Saryarqa» газетіне биыл – 50 жыл.
Жарты ғасырлық кезеңінің алғашқы екі ондығын «Saryarqa» газеті «Жезқазған туы» болып шықты. Одан былайғы облыс тараған уақытта аймақтық мәртебесін сақтап қалды. «Saryarqa» атауымен Ұлытау – Жезқазған аймағының тыныс-тіршілігінен ақпар таратты.
Биыл аймақ баспасөзінің қарашаңырағы облыстық газет мәртебесін қайта алып, жаңадан құрылған Ұлытау облысының басылымына айналып отыр. 50 жылда «Saryarqa» газетінің бағындырған белесі мен жеткен межесі аз емес. Аға буын қаламгерлер ізін дарынды жас журналистер жалғады.
Бүгінде «Saryarqa» газеті өзінің 8325-нөмірін шығарып отыр. 50 жылда сан түрлі тақырыптарды қозғап, билік пен бұқара арасындағы алтын көпірге айналған басылым ұжымын 50 жылдық мерейтоймен құттықтаймыз.
Құрметті газет ұжымы!
Сіздердің еңбектеріңіз өлшеусіз. Қаламын қылыш еткен сіздерге таусылмас жігер, түгесілмес шабыт тілейміз.
Құрметпен,
Ұлытау облысының әкімі Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ.
Облыстық мәслихат төрағасы Бауыржан ШЫҢҒЫСОВ.