Бағдарлама – даму тетігі
Бүгін өңір жастарын жеңілдетілген несие шарттарымен тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған «Ulytau Zhastary» бағдарламасын жүзеге асыру аясында құрылған комиссия отырысы өтті.
Бағдарламаға қатысуға барлығы 352 азамат өтініш білдіріп, бекітілген критерилерге сәйкес келетін 75 жастың өтініштері қабылданды. Коммиссия төрағасы, Ұлытау облыстық маслихатының депутаты Е.Ж.Бодықов және комиссия мүшелері, азаматтық сектор өкілдері М.Ы.Хамитов, Қ.С.Балмағанбетов, Ж.Т.Тлемісова, Ы.А.Қозайдаровтың қатысуымен өтініш иелерінің құжаттары тексеріліп, бекітілген ереже бойынша балл жиынтығы есептелді.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған қатысушыларға «Отбасы банк» АҚ-на бағдарламаның 2 кезеңіне, яғни төлем қабілеттерін тексеру үшін жолдама берілетін болады.
Бағдарлама аясында комиссия жұмысы жалғасады.