Еліміздің рухани дамуы ұлттық рухқа тікелей байланысты – Президент

«Хакім Абай «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» дегенін білесіздер. Ұлы Абайдың бұл сөзі ұлт ұстанымына айналды.

Біз ұлттық мәдениетті дамытуымыз керек. Ұлттық мәдениет дегеніміз бұл – мағынасы терең, көпқырлы ұғым. Халқымыздың төл мәдениеті салт-дәстүрден, әдет-ғұрыптан бастау алады. Ұлттық киімнің өзі – ұлт мәдениетінің жарқын көрінісі. Сондықтан ұл-қыздарымыз ұлттық киімді Наурыз мейрамында я болмаса басқа мерекелерде жиі киіп жүрсе, керемет болар еді. Тек мерекеде емес, ұдайы киіп жүрсе де, жарасымды болатыны сөзсіз.

Жалпы ұлт мәдениеті – халық өмірінің айнасы, оның болмысы. Еліміздің рухани дамуы ұлттық рухқа тікелей байланысты»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *