Өңір басшысы Сарысу ауылының тұрғындарымен кездесті
Сарысу ауылдық мәдениет үйінде Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлының тұрғындармен кездесуі өтті.
Ауылдық округке бөлінген қаражат туралы Ұлытау ауданының әкімі А.Мырзабеков айтып берді.
Осы жылы округ бюджеті 553 млн 130 мың теңгені құрады. Бұл қаражат ТКШ саласына (сумен жабдықтау және су бұру, көше жарығын күтіп ұстау, балалар ойын алаңын орнату, жолдарды жөндеу және т.б.), сондай-ақ білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы бірқатар жобаға бағытталмақ.
Іс-шара ауыл тұрғындарының сауалдарымен жалғасты. Сарысулықтар ауыл шаруашылығы мен денсаулық сақтау, жол инфрақұрылымы және абаттандыруға қатысты тақырыптарға қызығушылық танытты.
Айта кетейік, кездесуге облыстық басқармалардың басшылары қатысты. Барлық өтінішті жауапты тұлғалар бақылауға алды.