Облыс әкімі Б.Әбдіғалиұлының Сарысу ауылдық округіне жұмыс сапары
Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау ауданының Сарысу ауылдық округінде жұмыс сапарымен болды.
Сапар барысында өңір басшысы Сарысу өзенінің жалпы жағдайымен танысты. Сарысу суын Жаңаарқа ауданының 2 кенті мен 6 ауылдық округі, сондай-ақ Ұлытау ауданының 3 ауылдық округі ауыл шаруашылығының қажеттіліктері үшін пайдаланатыны атап өтілді. Бұл нысанда бөгеттер болмағандықтан, су топыраққа түседі. Өзендегі судың мөлшері – көктемгі су тасқынына тікелей байланысты.
Болашақта мұнда өзеннің кейбір салаларын жабатын тоғандар салу жоспарлануда, ауыл шаруашылығы мен балық шаруашылығын дамыту, жерді суару көзделуде.
Сондай-ақ, өңір басшысына көктемгі су тасқыны жағдайы туралы ақпарат берілді. Бұл аудандағы су тасқыны жағдайы тұрақты және бақылауда.