«Телефон арқылы қатігез ұрпақ тәрбиелеп жатырмыз»

21 ғасыр жаңа технологиялардың заманы. Адамзат өмірінің ажырамас бөлігіне айналып кеткен технологияның зияны жайлы ойлап көрдіңіз бе? Еңкейген қарттан еңбектеген балаға дейін әр күнін телефонға телмірумен өткізеді. Телефонның сәулелі зиянымен қоса балалардың жүйке-жүйесіне қауіпті екенін әлем ғалымдары жарыса жазып жүр. Балалар психологы Әсел Сабитова гаджеттердің балаларға әсері жайында айтып берді.

«Ұялы телефон мен планшетті мазасы кеткен балаларға бере саламыз. Бірақ, ата -аналардың көбі мұның үлкен зиянды жақтары барын ойлай бермейді. Мәселен мен 3-4 жастағы балалармен тығыз жұмыс жасаймын. Тек телфонға телміріп өскен бұл жастағы балалардың сөйлеу машығы дамымаған. Қоршаған ортамен араласпай, тек телефон көрумен уақыт өткізетін баланың тілі ке шығады. Шықсада анық болмайды, — дейді психолог Асель Сабитова.

Психолог гаджеттерге байланған баланың жүйке-жүйесі жастай зиян шегіп ,агресивті бола бастайды дейді.

— Бүгінде балалардың көретін мультфильмдерінің өзі бір түрлі. Зомби, қылмыскерлер,алаяқтар жайында анимациялық фильмдер көреді. Саналары ақ парақтай бүлдіршіндер жағымсыз кейіпкерлердің мінез құлықын өздеріне сіңіріп алады. Қатігездік пен күш көрсету сияқты әдеттер осыдан шығады. Бір сөзбен айтқанда телефон арқылы қатігез ұрпақты тәрбиелеп шығарамыз.Бұған бірінші кезекте ата -аналар жауапты. Балаға «жоқ» деп айтуды үйрену керек. «Жылайды», «уақытым жоқ» дегендей себептерді алға тартып, өз баласына қалай зиян тиігізіп жатқанын байқамайды ,- дейді психолог.

Гаджет – ағылшын тілінен аударғанда «белгілі бір міндеттерді орындайтын құрылғы немесе техникалық жаңалық» деген мағынаны білдіреді. Олардың қатарына смартфон, компьютер, ноутбук, планшет және басқа да электрондық құрылғылар жатады. Өмір сүруді жеңілдетуге арналған электрониканы шамадан тыс қолдану денсаулыққа зиян тигізетінін естен шығрмаған абзал.Гаджеттерді ойын-сауық құралы ғана емес, көмекші құрал ретінде пайдаланған дұрыс. Мысалы, гаджет арқылы реакцияны, логиканы, есте сақтау қабілетін және басқа да маңызды дағдыларды дамытуға болады.

Маман кеңесі:

1. Балалардың гаджеттерді пайдалану уақыты туралы кесте (дәрігерлер кеңесі)

4-5 жас – 15 минуттан аспайды;

6 жас – 20 минут;

7-9 жас – 30 минут;

10-12 жас – 40 минут;

13-14 жас – 50 минут.

2. Егер монитордың алдында ұзақ уақыт сабақ оқыса, 20-30 минут сайын 10 минуттық үзіліс жасау қажет.

3. Көз бен монитор арасындағы қашықтық 60-70 см болуы қажет.

4. Ұйықтар алдында гаджеттерді пайдалануға болмайды.

5. Қазір жаз мезгілі болғандықтан таза ауадағы серуенге, спортқа және қозғалыстағы ойындарға уақыт бөлген дұрыс.

 

Аяжан ЕРАЛЫҚЫЗЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *