АНА МЕН БАЛА САУЛЫҒЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

Ұлытау облысы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері ана мен бала өлімінің алдын алу шараларын талқылады.

Ұлытау облысының әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысы өтті. Іс-шараға комиссия мүшелері, қоғам және БАҚ өкілдері қатысты.

Кеңес облыстық көпсалалы ауруханада өтті. Маңызды мәселелерді талқыламас бұрын комиссия мүшелері перинаталдық орталықтың жаңа ғимаратын аралады.

Ана мен бала өлімінің алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар жайында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Л.Ранова баяндады.

Ол қазіргі таңда облыста 6 акушерлік ұйым жұмыс істейтінін атап өтті. Оның ішінде 1-еуі ІІІ деңгейлі және 5-еуі перинаталдық көмекті I деңгейлі аймақтандыру ұйымдары.

Айтуынша, өткен жылы облыста 4 мыңға жуық бала дүниеге келсе, ана өлімінің 4 оқиғасы тіркелді. 2021 жылы мұндай жағдайдың саны 5-еу болған.

Нәресте өлімінің негізгі себебі — босанатын әйелдердің денсаулығының нашарлығы екені атап өтілді. Сонымен, босанатын әйелдердің 60% әртүрлі патологиямен келеді.

Сонымен қатар, дәрігерлер әйелдердің өз денсаулығына ортақ жауапкершілігінің төмендігіне, көбінесе дәрігерлердің кеңесіне құлақ аспайтынына шағымданады.

Мамандар бұл мәселенің шешімі — ана өлімінің алдын алу бойынша шараларын қабылдауда, медициналық кәсіпорындармен өзара іс-қимылды жандандыруда, жүкті әйелдерді, босанатын және босанған әйелдерді амбулаториялық деңгейде (түрлі асқынулар бойынша тәуекел тобындағы және балалы болуға қабілетті жастағы әйелдерді анықтай отырып) басқаруды бақылауды күшейтуде дейді.

Өз кезегінде облыстық көпсалалы аурухананың ана мен баланы қорғау қызметінің меңгерушісі Г.Әбішева босану бөлімшесінің қызметі туралы баяндады.

Жүкті, босанатын және босанған әйелдерге медициналық көмектің сапасын жақсарту үшін белгілі мамандармен бірлесіп өткен жылдың қыркүйек айында перинаталдық орталық көпсалалы ауруханаға көшірілгені белгілі. Сондай-ақ ол жерде пренаталды диагностика жүргізілетін ұрықты қорғау орталығы да құрылған.

Денсаулық сақтау мекемесінің жарақтандырылуын атап өтіп, облыстық комиссия мүшелері халық арасында балалы болу, ұрпақ денсаулығын сақтау, оның ішінде отбасын жоспарлау және жүкті әйелдер мен жас балаларға күтім жасау мәселелеріндегі білімді барлық жерде кеңінен насихаттау қажет екендігіне назар аударды. Ал Ұлытау облысының әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері де бұған өз деңгейінде ықпал ете алатыны айтылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *