Б.Әбдіғалиұлы: «Облыс орталығы мәртебесін алғаннан кейін жаңа әлеуметтік нысандарды тұрғызу қажеттілігі туындауда»
Жезқазған қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте сөз сөйлеген облыс әкімі Б.Әбдіғалиұлы әлеуметтік саладағы бірқатар жобаны ұсынды.
Облыс орталығының активімен кездесуде биыл Қабанбай батыр шағын ауданында 300 орындық жаңа мектеп салу жоспарланып отырғаны атап өтілді. Сондай-ақ 2023 жылға жабық хоккей кортын салу және пайдалануға беру жоспарланғаны айтылды.
Бұдан басқа, 2023 жылы облыстық балалар ауруханасы ашылып, балабақша пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, қалада тағы бір мектепке дейінгі мекеменің құрылысы басталады.