Жезқазған: ауыз судың сапасы жақсарады
Жезқазғанда екінші кезектегі қаланың шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстары қайта жаңартылатын болады. Жобаның жалпы құны — 8,5 млрд теңгені құрайды. Бұл туралы облыс орталығының активіне өңір басшысы Б.Әбдіғалиұлы мәлімдеді. Жұмыстар биылғы сәуір-желтоқсан айлары аралығына жоспарланған.
Бұл ретте үшінші кезектегі қаланың шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын қайта жаңарту шеңберінде 2023 жылы 1 млрд 32 млн теңгеге 5 резервуар жөнделетін болады. Жоба бойынша жұмыстар осы жылдың басынан бастап жүргізілуде, аяқталуы 2024 жылдың желтоқсанына жоспарланған.
Сонымен қатар, жалпы ұзындығы 218,7 км болатын қалаішілік су құбыры желілерін қайта жаңарту жалғасады, жоба сомасы — 1 млрд 63 млн теңге.