ГАЗДАНДЫРУ: алаңдауға негіз жоқ
Жезқазған қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте сөз сөйлеген Б.Әбдіғалиұлы облыс орталығын жылумен және газбен жабдықтауға егжей-тегжейлі тоқталды.
«Жылыту маусымында облыс орталығының тұрғындарын жылумен қамтамасыз етуде проблемалар туындағаны құпия емес», – деді өңір басшысы. – Осыған байланысты 2023 жылы 3 млрд теңге сомасына 1,6 км жылу магистралі қайта жаңартылатын болады. Жоба бойынша жұмыстар 20 сәуірден кейін басталады. Аяқталу мерзімі-2023 жылдың қыркүйегі».
Сонымен қатар 14,1 шақырым ішкі жылу желілерін ағымдағы жөндеуге 1 млрд теңге қарастырылған. Жұмыс қаланың 21 учаскесінде жүргізіледі. Аяқталу мерзімі — осы жылдың қазан айы.
Газбен жабдықтауға келетін болсақ, биыл Қостангелді және Бекболатсай шағын аудандары, сондай-ақ қаланың батыс ауданы газға қосылады.