Биыл Жезқазғанда 1600 пәтерге арналған 28 үйдің құрылысы басталады
Бұл туралы облыс орталығын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте өңір басшысы Б. Әбдіғалиұлы мәлімдеді.
«Бүгінде қала бойынша тұрғын үй кезегінде 6 000-ға жуық адам тұр», – деді өңір басшысы. – Осы мәселені кезең-кезеңімен шешу мақсатында биыл 1 600 пәтерге арналған 28 үйдің құрылысы басталады».
Бұл ретте биыл үш үй салу жоспарлануда. Қалғандары 2024 жылы аяқталады.
Сондай-ақ кездесуде 14 үй мемлекеттік бюджет есебінен, 10 үй жеке инвестициялар есебінен, тағы 4 үй «Қазақмыс» корпорациясы есебінен салынатыны атап өтілді.