Азық-түлік бағасына – айрықша назар
Бүгін Жаңаарқа аудандық мәслихатының депутаты Райхан Темірбайқызы Смагулова және аудандық «Жаңаарқа» газетінің бас редакторы Салтанат Аманқызы Ералина аудандағы дүкендерді аралап, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларына мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Сауда орындары халыққа қажетті өнімдермен толық қамтылған.
Сонымен қатар, сауда орындарындағы тұтынушылардың да пікірлері назарға алынды.
Алдағы уақытта да сауда орындарында азық-түлік бағаларына мониторинг және талдау жұмыстары тұрақты түрде өз жалғасын табатын болады.