Қаңғыбас иттерді қорғайтын заңдағы олқылықтарды шұғыл жою қажет – депутат Нартай Аралбайұлы
«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңда адамның өміріне атүсті қарау бар. Мәжіліс депутаты осылай деді.
«Үкіметтің алдыңғы бір жауабында Заңды жүзеге асыру үшін 2022 жылға 1485, 6 млн теңге қарастырылғаны жазылған. Жергілікті бюджеттен тағы қосымша қаржы қарастырылады делінген. Бірақ уәде етілген оқшаулау орталықтары, вакцинация басқа да жұмыстар толық жүргізілмей жатқанын көзіміз көріп отыр» ,-деді депутат Нартай Аралбайұлы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Р. Склярға жолдаған сауалында.