Рамазан – рақым айы

Қасиетті айлардың бірі әрі бірегейі ол – Рамазан айы. Рамазан айының ерекшелігі сол – мұсылмандар бұл кезде бір ай бойы ораза ұстайды. Рамазан – мейірімділіктің, қайырымдылықтың, сабырлықтың, кешірімділіктің, тақуалықтың және нәпсіні тәрбиелеу, өз-өзіңе есеп беру айы. Осымен қатар, Рамазан Құран айы, тақуалық пен тәрбие айы ретінде байыпталады.

Осындай қасиетті айдың бір күні – бүгін, яғни, 4 сәуірде аудан әкімінің міндетін атқарушы Қанат Қожықаев және аудандық мәслихат төрағасы Юржан Бекқожин аудандық орталық халық мешітіне барып, пітір садақ берді.

Сонымен қатар, “Халық” мешітінің наиб имамы Аманбол қажы Мұқаевпен тілдесіп, Жаңаарқа төңірегінде марқұм болған әруақтарға құран бағыштады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *