Үкімет құрамы бекітілді
Министрлер кабинеті мүшелерінің көпшілігі өз орындарын сақтап қалды. Тек екі министр ауысты.
Мұрат Нұртілеу Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі болып, Алмасадам Сәтқалиев Энергетика министрі болып тағайындалды. Ал Үкімет Аппаратының Басшысы Ғалымжан Қойшыбаев енді вице-премьер лауазымын қоса атқарады.