1 қыркүйектен бастап барлық мектеп 100% күзет құралдарымен қамтамасыз етіледі
Білім мекемелеріндегі қауіпсіздікті тексеру жұмыстары аяқталған. Министрдің міндетін атқарушы Ғани Бейсембаевтың айтуынша, мектеп камералары мен дабыл түймелерін шұғыл басқару орталығына тікелей қосу бойынша проблема бар.
Жаңа оқу жылынан бастап елдегі білім беру ұйымдары 100% қауіпсіздік құралдарымен жабдықталады.