«Бағаны өсірмесек, тапшылыққа ұрынамыз» – Премьер-Министр
Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты.
Елімізде жанар-жағармай өндіру жыл сайын өсіп келеді. Сонымен қатар, оны тұтыну көлемі де арта түсуде.
«Бірақ, ол біздің өзіміздің ішкі тұтыну көлемінің өсуімен байланысты болып отырған жоқ. Бағасы айтарлықтай арзан болғандықтан, біздің отынды көрші елдерге тасып әкету үрдісі белең алды. Мәселен, бензин құны Ресейде 45%-ке, Қырғызстанда 64%-ке, Өзбекстанда 100%-тен жоғары«, – деді ол.
Айтуынша, нәтижесінде жанармай тапшылығына, әсіресе егін жұмыстарын дизель отынымен қамтамасыз етуде елеулі қиындықтарға тап боламыз.
«Біз Қазақстан мен көршілес елдер арасындағы баға айырмасын төмендетуге мәжбүрміз. Бізде бұдан басқа жол жоқ. Әйтпесе, бір айдан кейін жанармай тапшылығына тап боламыз«, – деді Әлихан Смайылов.