Жұмыс сапары – Жездіде
Ұлытау облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі су ресурстары комитетінің бас сарапшысы Сағдат Хансейтов «Ұлытау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ басшысы Қуат Имантүсіповпен бірге Жезді су қоймасына барып, көктемгі су тасқынының өту кезеңімен танысты.
Бүгінгі таңда су қоймада шамамен 55 млн текше метр су бар.
Сағдат Батырбекұлы бүгінгі күнде «ҚАЗСУШАР» РМК баланысда тұрған Жезді су қоймасынан Талап елді-мекенінің бұрынғы суармалы жерлерін қайта жандандыру үшін су жеткізу жұмыстары туралы және су қойманың жалпы жағдайын басшылыққа жеткізетіндігін айтты. Сондай-ақ, ол судың санитарлық жағдайына баса назар аударып, оның шешу жолдарын қарастыру қажеттігіне тоқталды.