Аудандық мәслихат аппараты қайта құрылып, төрағасы тағайындалды

30 наурыз күні Жаңаарқада аудандық мәслихаттың бірінші сессиясы өтті. Мәслихат төрағасының лауазымына Жаңаарқа ауданының бұрынғы әкімі Юржан БЕКҚОЖИН тағайындалды.

Сессияға он екі депутаттың он бірі қатысты, сондай-ақ тұрақты комиссиялардың құрамын бекіту, мәслихат аппаратын қалыптастыру сияқты ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Юржан Асанұлы Бекқожин – Қарағанды облысына қарасты Шет ауданының тумасы. Соңғы бес жылда Жаңаарқа ауданын басқарса, оған дейін Қарағанды облысының ауылшаруашылық басқармасы басшысы, Жаңаарқа, Шет аудандары әкімінің орынбасары, Көктіңкөл ауылының әкімі болған. Мемлекеттік қызметке дейін әр өңірдің ауылшаруашылық саласында қызмет етіп, айтарлықтай өз үлесін қосқан.

2023 жылы 8 шақырылымның Жаңаарқа аудандық мәслихатының депутаты болып сайланды. Аталмыш шақырылымның өзге 12 депутатының қолдауымен аудандық мәслихаттың төрағасы болып бекітілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *