Тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру – негізгі міндет
Өңір басшысы Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау ауданының тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдауда.

Қазіргі уақытта өңір басшысы Ұлытау ауданында жұмыс сапарымен жүр. Күн тәртібінде – тұрғындармен кездесу және азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау бар.

Айта кетейік, азаматтарды қабылдау аудандық мәдениет үйінде өтуде. Ұлытау облысының әкімі Б.Әбдіғалиұлына азаматтар тұрғын үй мен жерді жекешелендіру, сондай-ақ аудан орталығының аумағындағы спорт нысандарын пайдалану мәселелермен келді.


Барлық өтінішпен келушілерге қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктемелер мен қажетті кеңес берілді.