Тоқаев: Экономиканың даму үлгісін түбегейлі өзгертуіміз керек
«Тұрақты экономикалық өсімнің жылына кем дегенде 4 пайыз болуын қамтамасыз ету керек. Сондықтан экономиканың даму үлгісін түбегейлі өзгертуіміз керек. Ол үшін әртараптандыру жұмысын жүйелі жүргізіп, нарық қағидаларын нығайту маңызды. Түпкі мақсатымыз – жоғары технологияға негізделген, өзін-өзі толық қамтамасыз ететін және бәсекеге қабілетті экономика құру», — деді Президент мәжіліс отырысында.
Ол Үкімет әлеуметтік-экономикалық реформаларды батыл жүзеге асыруға тиіс екенін айтты.