Мемлекет басшысы инфляцияны тежеуді тапсырды
Президент Үкіметке бірқатар тапсырма берді.
«Инфляцияны тежеу қажет. Биыл оны кемінде екі есеге төмендету керек.
Ең алдымен, азық-түліктің бағасын реттеу аса маңызды. Сол себепті агроөнеркәсіп кешенін және сауда-саттықты дамыту – негізгі басымдықтың бірі. Ішкі нарықты өз өнімдерімізбен барынша қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру керек», — деді мемлекет басшысы.